#Жамбыл: Зекет беру – бес парыздың бірі

#Жамбыл: Зекет беру – бес парыздың бірі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің еріктілер тобы және ауыл имамы Керимов Айтжанның ұйымдастыруымен әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасалды.

Зекет 13 отбасына таратылып, барлығы 120 мың теңге қаражат жұмсалды. Қайырымдылық көмекті еріктілер тобы мен мешіт имамы арнайы барып, аталған отбасыларға жеткізіп берді.  Көмек алған отбасылар ауыл имамы мен еріктілерге алғыстарын жаудырды. Зекет – мұсылмандардың бес парызының бірі, яки мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы тұрмысы төмен отбасыларға берілетін міндетті садақа. Мұсылманның міндеті болған қайырымды істерден шеткері қалмайық!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: