#Жамбыл: Исламдағы ізгілік

#Жамбыл: Исламдағы ізгілік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Исмаилов Қуаныш бесін намазына келген мешіт жамағатына «Исламдағы ізгілік» деген тақырыпта кеңінен уағыз айтты.

Мешітке келген жамағаттың сұрақтары да жауапсыз қалмады. Алланың жолдауы – ізгілік бастауы. Исламның бір мағынасы да бейбітшілік. «Адамзатты махаббатпен жаратқан» (Абай), сондықтан, адам баласына жүрек беріп, оған ізгі сезімдер дарытқан, тура жолды, ақиқатты көрсетіп, мейірім шуағын төккен Аллатағала, хадисте айтылғандай, «пендесін ананың өз перзентін сүйгенінен артық жақсы көреді».

Ұлы Жаратушы қасиетті Құран-Кәрімде бір-бірімен танысып, білісу үшін адамдарды қауым-қауым, тайпа-тайпа етіп жаратқанын ескертеді. Ендеше біле-білсек, біздің ұлттық ерекшеліктеріміз, әрқилы дәстүріміз бен мәдениетіміз бөліну емес, бірігу, айрылу емес, танысып, білісу үшін екен.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: