Хазіреті Әбу Бәкір

Хазіреті Әбу Бәкір

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Басқа бір риуаят бойынша Әбу Бәкір (р.а.) пайғамбарымызға (с.а.у.) білдірместен бұрын сауда мақсатында Йеменге барған. Сол сапарында Йемендегі Азд тайпасынан көп кітап оқыған қарт адамға жолығады. Бұл қария хазіреті Әбу Бәкірге қарап: «Сен Мекке халқынансың ғой, шамасы» –дейді. Хазіреті Әбу Бәкір: «Иә, солай» – деп екеуі әңгімені былай жалғастырады.

–Сен құрайыштансың ба?

–Иә.

–Бәни Темимненсің бе?

–Иә.

–Тағы бір белгі қалды.

–Ол не?

–Ішіңді аш, көрейін...

–Мақсатың не, айт!

–Кітаптардан оқыдым, Меккеде бір пайғамбар шығады. Оған екі адам көмектеседі. Бірі жас, екіншісі егде адам. Жасы небір қиындықтарды жеңілдетеді. Көптеген бәле-жалаларды жояды. Ал егде адам болса ақ құба, ашаң тұлғалы, қарнында бір қара меңі бар болады. Мен сол адамды сен деп ойлаймын. Ішіңді аш, көрейін.

Содан соң хазіреті Әбу Бәкір ішін ашады, кіндігінің үстіндегі қара меңді көргенде: «Уаллаһи, ол адам сенсің» деп, Әбу Бәкірге көп насихаттар айтады.

Харізеті Әбу Бәкір жұмысын бітіргеннен кейін қоштасуға жаңағы адамға барады. Пайғамбарымыз туралы бірнеше өлең оқуын сұрайды. Ол кісі он екі шумақ өлең оқыды. Хазіреті Әбу Бәкір оларды жаттап алады.

Хазіреті Әбу Бәкір сапардан оралғанда Уқба ибн Муайт, Шәйба, Әбу Жәхл, Әбул Бухтари сияқты құрайыштың алдыңғы қатарлы адамдары оның үйіне барады.

         Әбу Бәкір олардан: «Бір жағдай болды ма?» –деп сұрады. Олар: «Мынадай жағдай болды, Әбу Тәліптің жетімі пайғамбарлық туралы айтуда, сендер және ата-бабаларың жалған діндесіңдер дейді. Егер сен болмағанда оны бұл кезге дейін тірі қалдырмас едік. Сен Оның жақын досысың. Бұл істі сен шеш» – дейді.

         Хазіреті Әбу Бәкір оларды жіберіп, пайғамбарымыздың Хадиша анамыздың үйінде екенін естіп барады. Пайғамбарымыз оны қарсы алғанда: «Йа, Мұхаммед! Сен туралы айтылып жатқандар не сөз?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

         «Мен Хақ Тағаланың пайғамбарымын. Саған және бүкіл адамзат баласына жіберілдім, иман келтір, сонда Алла Тағаланың разылығына қауышасың және жаныңды тозақтан қорғайсың» дейді. Әбу Бәкір: «Бұған дәлелің бар ма?» деп сұрайды. Расулаллаһ: «Ана Йеменде көрген қарт адамың туралы оқиға дәлел» дейді. Хазіреті Әбу Бәкір: «Мен Йеменде көптеген қарт пен жас адам көрдім» дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ол қарт саған он екі шумақ өлеңді тапсырып, маған жіберді» деп, сол өлеңді оқиды. Хазіреті Әбу Бәкір «Мұны саған кім айтты?» деп сұрағанда: «Меннен бұрынғы пайғамбарларға келген періште айтты» дейді. Осыны естігеннен кейін Хазіреті Әбу Бәкір: «Қолыңды берші» деп пайғамбарымыздың (с.а.у.) қолынан ұстап: «Әшһәду әллә илләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уа расулуһ» деп мұсылман болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: