#Меркі ауданы: Діни экстремизм белгілері

#Меркі ауданы: Діни экстремизм белгілері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы, Сарымолдаев ауылы әкімшілік ғимаратында, ауыл тұрғындарымен іс-шара өткізді. Жиынның мақсаты, дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері туралы мәлімет беру, тұрғындарды, соның ішінде жастарды жат ағымдардан сақтандыра отырып, дәстүрлі діни бағыттың жолдарын ұстануға дұрыс бағдар беру болды.

Аталған шарада, дін маманы Дулат Талғатұлы – қазіргі таңда діни ахуал қоғамдағы түйінді мәселелердің біріне айналғандығын айтып, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың белгілері туралы жеткізді. Сонымен қатар қазіргі кездегі елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизм мен салафизмнің тармақтары туралы айтылды.

Қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға тұшымды жауаптар берілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: