#Меркі ауданы: Жат ағымның белгілері

#Меркі ауданы: Жат ағымның белгілері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы Талдыбұлақ ауылы №35 ЖББМ-нің оқушыларына кездесу ұйымдастырып, «Жат ағымның белгілері» жайлы сөз қозғады.

Жиында Дулат Талғатұлы: «Елімізде етек жайған сәләфизм, уаһабизм сияқты жат ағымдардың тигізер кері әсерлерін және одан сақтану жолдарын түсіндірді. Олардың белгілеріне тоқталып өтті. Басты мақсатымыз  жастардың жат ағым жетегінде кетіп қалмай, дәстүрлі дінімізді ұстана отырып, елдің ішінде татулық пен тыныштықты сақтау әр-бір мұсылманның  басты міндеті», - деп жеткізді.

Жиын соңында оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, оқушыларды діни сауатты болуға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: