#Меркі ауданы: Ардагерлер кеңесі төрағасының бастасын алды

#Меркі ауданы: Ардагерлер кеңесі төрағасының бастасын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің жаңадан тағайындалған бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы өз жұмысын алдымен ардагерлердің ақ батасын алумен бастады.

Көргені мен түйгені көп ақсақалдармен кездесу барысында ауданның бас имамы Азамат Берікұлы үлкендердің батасын алуға келгенін айтты. Бас қосуда алғаш сөз алған Меркі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбар имам Азамат Берікұлының қызметіне табыс тіледі.

Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген сөз бар. Азамат Берікұлы, сіз өзіңіздің тәрбие көрген азамат екеніңізді байқатып, бүгін бізбен кездесіп отырсыз деп рақыметін айтты! Ардагерлер кеңесінің атынан алғысын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: