#Жамбыл: Діни алауыздық – қоғамға қауіпті

#Жамбыл: Діни алауыздық – қоғамға қауіпті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы әкімшілігінде «Ботабай» мешітінің имамы Исмаилов Қуаныш ауыл жұртшылығына «Діни алауыздық – қоғамға қауіпті» деген тақырыпта кеңінен уағыз-насихат жүргізді. Дін - бейбітшілікті, адалдықты, әділдікті, жарықты жақтайтын болса, экстремизм - қараңғылықты, қараң қылықты, әділетсіздік, арамдықты, зұлымдықты жақтайды.

"Ислам – терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде Ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатқаны өкінішті. «Бір адамға қиянат жасау – күллі адамзатқа бағытталған қиянат». Осы қанатты сөзді ескерсек, ислам діні қашан да қақтығыс, лаңкестік, зорлық-зомбылық, өктемдік секілді мұсылмандыққа жат іс-әрекеттер мен арам пиғылды айыптаған. Біздің асыл дініміз, керісінше, қоғамдық тұрақтылықты, ізгілікті, ұстамдылықты уағыздайды. Ал, лаңкестіктің ұлты да, діні де жоқ. Сол себепті нағыз мұсылманның лаңкес болуы әсте мүмкін емес" - дейді имам сөзінде.  

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: