#Жамбыл: Отанды сүю – иманнан

#Жамбыл: Отанды сүю – иманнан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық Жастар орталығында ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жастармен кездесті. Келелі кездесуде сөз болған тақырып «Отанды сүю-иманнан» жайында кеңінен насихат жұмыстары жүргізілді.

Аудан имамы қойылған сұрақтарға жауап берді. Ол өз сөзінде: "Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отансүйгіштік, тіл, дін, ұлттық сана-сезім, мәдениеті мен тарихын, өнерін сүю, өзге ұлттармен бейбіт қатынаста өмір сүру әрбір азаматтың басты ұстанымына айналуы тиіс. Өз ұлтын, отанын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл, патриот болады" - деп атап өтті.   

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: