#Меркі ауданы: Бас имам уағыз жүргізді

#Меркі ауданы: Бас имам уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық "Меркі ата" орталық мешітінің бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы құптан намазына жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.а.с) асыл сөзі хадистерден уағыз жүргізді.

Пайғамбарымыздың (с.а.с) xадистері төңірегінде сөз өрбіткен өкіл имам Азамат Берікұлы: "Алла елшісі (с.а.с): "Адамдарға мейірімді бола білмеген кісіге, Алла Тағала да мейірімділік танытпайды», - десе, ал енді мұсылман баласының басқа бір мұсылман кісіге қатысты қандай қарым-қатынаста болуы керектігі жөнінде былай деп айтқан: «Мұсылман мұсылманның бауыры. Сондықтан оған қатысты зұлымдық жасамайды, көмектесуден бас тарпайды және оны өзінен төмен санап қорламайды. Тақуалық мына жерде деп, кеудесіндегі жүрегінің орналасқан жеріне үш мәрте меңзеді. Адам баласы мұсылман бауырын қорлайтын болса, Алла Тағаланың алдында үлкен күнә жасаған болып табылады. Кез келген мұсылманға, басқа бір мұсылманның жанына, мал-мүлкіне және ар-намысына зиян тигізуге болмайды (харам)».

Сондықтан қадірменді мұсылман бауырлар! Иманды жан мейірбан, кешірімді, бір-бірін бауыр ретінде шын жақсы көруі керек. Бұл - иманның белігісі", - деді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: