#Меркі ауданы: Облыс бас имамы жұма намазын өткізді

#Меркі ауданы: Облыс бас имамы жұма намазын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Бейбіт Әліпбекұлы аймақтағы діни ахуалды бақылау мақсатында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде жұма намазын оқып, жамағатпен кездесті.

Қасиетті жұма күні  аудандық «Меркі ата» мешітіне намаз оқуға келген жамағатқа «Бүліктің қоғамдағы зардабы» тақырыбында уағыз айтылды.

Намаздан кейін жамағатпен сұхбаттасу барысында талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдап, көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Бұдан кейін мешітте жүргізілетін жөндеу жұмыстарының жоспарымен, тыныс-тіршілігімен танысып, мешіттің бас имамы Азамат Берікұлына діни сабақтар мен уағыз-насихат жұмыстарының тұрақты өтілуін қадағалауды тапсырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызмсеті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: