#Меркі ауданы: Өкіл имам Меркі ауданының әкімімен кездесті

#Меркі ауданы: Өкіл имам Меркі ауданының әкімімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Әліпбайұлы жұмыс сапарымен Меркі ауданында болды.

Өкіл имам алдымен Меркі ауданының әкімі Руслан Маратұлымен кездесті.

Өз кезегінде Меркі ауданының әкімі ауданға қарасты мешіттерге барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Кездесу барысында мешіт имамдарына еңбекақы төлеу, мешіт құжаттарын реттеу, қысқыға қажетті отынмен қамту, өзара әріптестік мәселелері сөз болып, талқыланды.

Жиын соңында Меркі ауданы әкімі Руслан Маратұлы дін қызметкерлерін рухани-өнегелік мұраны, ұлттық дәстүрлер мен қоғамдық өмірдің нормаларын, сондай-ақ Қазақ халқының рухани мирасын бірлесіп дамытуға шақыра отырып, әлемнің гүлденуі үшін табысты еңбек етуге тілектестік білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: