#Шу: Облыс найб имамы Шуда болды

#Шу: Облыс найб имамы Шуда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайталау - білім анасы. Отыз екі тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды деген екен. Сондықтан теріс ағымдардың жолын тежеу, ауызбіршілікте болу, бауырмал болу мәселесін жиі көтеріп, қайталап отырған абзал.

Жуырда Жамбыл облысының найб имамы, дін саласындағы АТТ мүшесі Ғалымбек Жәпек Шу ауданында болып, Далақайнар ауылдық мешітінде жамағатпен жүздесті.

Жүздесу барысында жоғарыда айтылған тақырыптарды тереңнен қозғап, толығырақ тоқталды. Жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Облыс орталығынан келген мейманға далақайнарлықтар дән риза болып, алғыстарын білдірді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: