Облыс бас имамы Тараз имамдарымен жүздесті

Облыс бас имамы Тараз имамдарымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Тараз шаһары мешіттерінің имамдарымен жиын өткізді.

Шараға Тараз қаласының бас имамы Орынбасар Дәуренбеков, облыстың наиб имамдары, қала имамдары мен орталық мешіттің жауапты мамандары қатысты.

Бас қосуда облыс бас имамы қала имамдарымен жеке-жеке мешіттің хал-ахуалын талқылады. Мешіттегі қызметкерлер саны, жалақы, жасалып жатқан өзгерістер, жөндеуден өткізу, жамағатпен қарым-қатынас, коммуналдық төлем, қаржы сынды бір қатар мәселелердің түйіні тарқатылды.

Айта кетейік, Таразда қаласында 35 мешіт бар. Осы мешіттердің ахуалына қатысты ұсыныстарын бас имам тыңдап, шешімін талқылап жиын соңында ел тыныштығы үшін бата берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: