Тараз имамдары марқұмдардың рухына Құран бағыштады

Тараз имамдары марқұмдардың рухына Құран бағыштады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Тараз қаласы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Отан қорғау жолында опат болған сарбаздарымыз бен бейбіт тұрғындардың рухына Құран бағышталды.

Мемлекетіміздің Көкбайрағы төмен түсіріліп, күллі Қазақстан халқы қайғыға шомған азалы күнде марқұмдардардың артында қалған туыстары мен жақындарына сабыр сұрап, Жаратушы Алладан жақсылық тіледі.

Облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған имамдар елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеп, тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбірей беруін Алладан сұрады. Сонымен қатар Құран бағыштап болған соң, бас имам бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұқбат беріп, елдегі жағдайға пікір білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: