Алладан келген ажалмен ешбір жұмыр басты пенде сөз таластыра алмайды. Ажалмен мүмін де, мүмін еместер де сөзсіз келіседі, алайда мүміндер үшін өлім – мәңгілік өмірге өту ғана. Өлім бізді ата-анамыздан, балаларымыздан, туған-туыс, жора-жолдастарымыздан айырады.
Алланың қалауымен, біз өзімізден бұрын бақилық болып кеткен туған-туыстарымызға дұға жасай аламыз, яғни Алла Тағалаға жалбарынып марқұмдарды Өз рахымына бөлеп, панасына алуын тілейміз. Осы мақалада қайтыс болған адамның соңынан оқылатын бірнеше дұғаларды келтіріп өтеміз. Алла Тағала марқұмдарды мейіріміне бөлеп, кешірім етсін. Өлім сәтінде оқылатын дұға:
ХасбиаЛлаху уа ни'мәл Уакил.
Мағынасы: «Бізге Алла жеткілікті, Ол сондай көркем Қамқоршы әрі Сақтаушы!»
Бір мұсылманның өлгенін естігенде оқылатын дұға:
Инна лиЛләхи, уа иннә иләйхи раджиун.
Мағынасы: «Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз!»(2:156).
Қайтыс болған туыстар үшін оқылатын дұғалар:
1. «Аллахумма-гфир лихаййина, уа мәййитина, уа шахидинә, уа 'аибинә, уа са'иринә уа кабиринә, уа зәкаринә уа унсанә. Аллахумма мән ахәйтаху миннә фәәхйихи ‘аләль-исләм, уа мән тауаффайтаху миннә фа-тауаффаху ‘аләль-имән»
- «Уа, Алла! Біздің тірілерімізді, өлілерімізді, жасымызды, кәрілерімізді, ерлерімізді, әйелдерімізді кешіре гөр! Уа, Алла! Тірі қалғандарға ислам дінін ұстануға, ал өлгелі жатқандарға иманды өлім нәсіп ете гөр!»
2. «Аллаахумма гфир ләху аллаахуммә саббитху»
- «Уа, Алла, оны кешіре гөр!» (Әбу Дәуд, 3:315).
3. «Аллаhумма-'фир ләhу (ләhа) уарфа’ дараджатаhу фи-ль-мәhдийинә уахлюфhу фи әкбиhи фи-ль'абиринә уағфир ләна уаляhу я раба-ль-’аляминә уафсах ләhу фи қабриhи уанаууир ляhу фиhи»
- «Уа, Алла, оған кешірім ете гөр, хақ жолды ұстанғандардың арасында оның дәрежесін көтере гөр, бізді және оны кешіре гөр, уа, әлемдердің Раббы, оның қабірін кеңейтіп, жарық қыла гөр!» (Мүслим, 2:634).
asyldin.kz