Ибн Масуд (р.а.) келтірген риуаятта біздің Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Қиямет күні маған басқалардан көп салауат айтқан мұсылмандар жақын болады» (Тирмизи, Витр, 21).
Саид әл-Худри (р.а.) келтірген риуаятта Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер әлдебір топ жиылып Алланы еске алмай, маған салауат айтпай тарайтын болса, оларға Алланың азабы болады» (Әбу Дәуд). Дәрет алуға қатысты келтірілген хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Мына төрт нәрсе адам баласын азапқа салады. Олар:
1. Адам тұрып дәрет сындырса;
2. Намаз оқып тұрып, сәждеден тұрған кезде маңдайын сүртсе;
3. Азанды ести тұра, азаншының соңынан азанның сөзін қайталамаса;
4. Менің атымды естігенде салауат айтпаса» (Дайлями «Муснаду’ль Фирдаус», № 1501). Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Егер кімде-кім маған салауат айтар болса, Алла Тағала оны маған жеткізеді әрі мен оның сәлеміне жауап беремін» (Әбу Дәуд «Сунан», Менасик, 99, 2/169.
asyldin.kz