Намазды пижамада тұрып оқуға бола ма?

Намазды пижамада тұрып оқуға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз — мүміннің Алла Тағаламен тікелей диалог құратын құлшылықтың ерекше түрі. Намаз қабыл болуы үшін нақты шарттардың орындалуы маңызды. Мысалы үшін, әр намазды уақытында Қыблаға қарап оқу, дәрет алу және т.б. Үй киіммен, яғни маңызды адамдардың алдына бармайтын киіммен намаз оқу әдепке қарама-қайшы деген пікір бар (Маджма әл-Анхур 1 том, 124 б.). Ханафи мәзһабының фақихы Аляуддин әл-Хаскафи былай айтқан: «Егер басқа киім бола тұра, күнделікті үйде киетін киіммен намаз оқу – мәкрүһ».

Ибн әл-Абидин «күнделікті үй киімі» деген сөздің мағынасына былай түсінік берген: «Сыйлы адамдардың алдында кимейтін үй киімі. Аталмыш әрекеттің орынсыздығы танзихан-мәкрүһ, яғни рұқсат етілгенге жуық ұнамсыз әрекет деп жіктеледі (Радд әл-Мухтар 2 том, 571-572 б). Сөзсіз, мүмін намаз оқитын орнының әрі киімінің таза да ұқыпты болуына басты көңіл аударуы қажет, бірақ сіздің ниетіңіздің шынайылығы басты шарт болып табылады. Алла дұрысын біледі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: