Намаз оқымау қаншалықты қауіпті?

Намаз оқымау қаншалықты қауіпті?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз оқымау адам баласына аса зор зиян келтіреді. Намазды елемейтін адам көптеген қиыншылықтарға ұшырайды: оның өмірі берекесіз әрі пайдасыз болады, маңайындағыларға сүйкімсіз болып, қадір-қасиеттен жұрдай болады. Ал бес уақыт намазын ұқыпты орындап, үнемі дәретпен жүретін адамға, Алланың қалауымен, туа біткен өз сұлулығына қоса қосымша сұлулық нәсіп етіледі.

Мұндай сұлулыққа намаз оқымайтын адам қол жеткізе алмайды. Алла Тағала бес уақыт намаздың нақты уақытын белгілеп қойған, намаз уақыты кіргенде мұсылман баласы құлшылықта болуы тиіс. Аталмыш уақытты жайнамаздың үстінде өткізбей, зұлымдық жасаумен өткізген адамның ісі берекесіз болады әрі дұғасы қабыл болмайды. Өлер сәтінде мұндай адамның жүзі жиренішті болады әрі өзі де, жатқан төсегі де нәжіспен былғанады, тіпті оның етене жақын туыстары оған жақындаудан жиіркенетін болады. Ешбірі де оған құрметпен қарамайды.

Тіпті ол бір патша болса да, жан тәсілім етер сәтінде тек жеккөрінішті сезімдерді ғана тудыратын болады. Намаз оқымаған адамның өлер сәтінде көздерінде тек үрей мен қорқыныш қана тұрады. Оның көздері біресе жоғары, біресе төмен қарап, байыз таппайды әрі көзінің түсі өзгеріп кетеді. Бұл баянсыз өмірде әлгі адам қаншалықты сұлу, қаншалықты бай болмасын, өлім сәтінде одан өткен бейшара, одан өткен қорланған адам болмайды. Намаз оқымайтын адамның иманы әлсірейді және де намазға лайықты түрде қарамағаны үшін оны періштелер де, адамдар да қадірлеп, сыйламайды. Намаз оқымайтын адам жан тәсілім етер сәтінде аштық сезімінде болады әрі қатты шөл қысады, осылайша, қатты азапталып жатып көз жұмады.

Намазды оқымау, намаздан бас тарту үлкен күнә болып табылады және оның азабы осы күнәға тепе-тең болады. Ал енді намаз оқитын адамның өлім сәтіне келер болсақ, оның жүзі нұрланып, ерекше бір қуанышқа толы болады. Оның көздерінен бақыттың ұшқынын көруге болады. Оның тәнінен бір жағымды иіс шығады әрі ол, Алланың қалауымен, тыныштыққа бөленген, жайбарақат қалпында көз жұмады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: