#Рысқұлов имамдары жылдық есептерін берді

#Рысқұлов имамдары жылдық есептерін берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты мешіттердің имам - молдалары жылдық есеп беру жиналысын өткізді. Жиналыс аудандық «Сұлтан» мешітінде өтті.

Жиынды ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы сөз бастап ашып, имамдарға сәттілік тіледі. Ауыл имамдары кезек-кезек шығып 7 бағыт бойынша жыл бойы атқарған еңбектерінің есебін берді. Жиналыс соңында Луговой ауылының имамы Сабырханов Үмбетке, Көгершін ауылының имамы Ерметов Қайратқа, Құмарық ауылының имамы Тоқсанбаев Маратқа және қайырымдылық бағыты бойынша Әбжаппар ауылының имамы Киікбаев Ғалымжанға алғыс айтылды.

Сонымен қатар, бас имам 2022 жылға имамдарға сәттілік тіледі.

 Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: