#Шу: Тасөткелде айлық дастархан жайылды

#Шу: Тасөткелде айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Алла елшісінінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қонақжайлық, дәмге шақыру, дастархан үстінде дидарласу сынды көптеген сүннеттер қалған.  Ата-бабаларымыз асыл дініміздегі көп сүннетті дәстүріне айналдырып, кейінгіге дәріптеген.

Таяуда Шу ауданы Тасөткел ауылындағы мешітте жергілікті жамағаттың ұйымдастыруымен айлық дастхан жайылған  болатын. Оған құрметті қонақ ретінде Шу ауданының бас имам Бахтияр Әміреев қатысып, ауызбіршіліктің асыл қасиет екендігін шариғаттың шеңберінде түсіндірді. Шам намазынан кейінгі келелі кездесуде қиямет күні 4  нәрседен сұралмайынша бір қадам ілгері басылмайтыны туралы хадис тарқатылып, мейлінше мол мағлұмат берілді.

Сонымен  қатар дастархан  басында  Бахтияр Амантайұлы ауыл ақсақалдарымен танысып, ауылдағы діни ахуал жөнінде әңгімелесті. Атқарылған жұмыстарды көзбен көріп, жоспарлармен танысып қайтты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: