#Шу: Оқушылармен кездесу өтті

#Шу: Оқушылармен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміздің аты - Ислам. Ол араб тілінен аударылған бейбітшілік деген мағына береді. Басты кітап Құранда  тыныштық, бейбітшілік, қамқорлық, жұмсақтық жайлы көптеген аяттар түсіп, зұлымдық, бассыздық пен бейберекетсіз қатаң айыпталған. Соңғы уақытта дін атын жамылған содырлар саңырау құлақша қаптап, көркем дінді көріксіз  етуге барын салып келеді. Алайда, ата-бабаларымыз ұстанған Ислам терроризм, экстремизм сынды  кері қасиеттерге қарсы. Осы мешіт имамдары түсіндіруден жалықпайды.

Жуырда Шу қаласындағы  А.С.Макаренко атындағы орта мектепте «XXI ғасыр қаупі-терроризм» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен жүздесу өткен болатын. Аталған жиынды ұйымдастыруға Шу қаласының әкімшілігі ұйытқы болып, спикер ретінде Шу ауданы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің бас имамы Бақыт Нұрлыханов шақырылды.  Кездесуде Бақыт Базарбайұлы терроризм қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларды осындай жат мінезден аулақ болуға шақырды. Кездесуде оқушылар өз сұрақтарын қойып, қарсы тараптан тұшымды жауаптарын алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: