#Шу: Ердің орның ерекше

#Шу: Ердің орның ерекше

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Азамат болу аманат иесі болу деген сөз. Өйткені дана халқымыз ер- ел үшін туады деген нақыл қалдырған. Шариғатта да ер адамға ерекше міндеттер жүктеліп, перзент болып ата-ананы сыйлау, отағасы болып шаңыраққа ие болу, әпке-қарындасты қорғау, Отан алдындағы борышты өтеу сынды кезеңдерді бастан кешіреді

Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінде  Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Сейткереев болып, мешітке келушілермен кездесті.  Кездесу барысында  «Отбасыдағы ердің орны» тақырыбы қозғалып, тыңдаушыларға тиісті ақпараттар берілді.

Сонымен қатар осы мешітте айлық дастархан жайылып, Талғат Кәрібайұлы «Білім-қос дүние шырағы» тақырыбында уағыз айтқан болатын.  Дастархан басында тақырып тарқатылып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: