Ардагерлер мен Билер кеңесі Бас мүфтидің алғыс хатын алды

Ардагерлер мен Билер кеңесі Бас мүфтидің алғыс хатын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Ардагерлер үйінде ел ағаларымен кездесті. Шараға Билер кеңесінің төрағасы мен мешіт имамдары да қатысты.

Облыс бас имамы қарияларға жылдық есепті таныстырып, атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.

Сонан соң Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстады. Марапат Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбайұлына, Билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлына, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Шәріп Қантайұлы мен мүшесі Талғат Ахатұлына берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: