Дін қызметіндегілер Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды (ФОТО)

Дін қызметіндегілер Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы әрі жыл қорытындысы құрметіне имамдар мен дін мамандары Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен өткен жиынға Жамбыл облысы Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, Тараз қаласы мен өңірге қарасты аудандардан келген имамдар, Әжелер алқасы, мешіт имамдары мен қызметкерлері, ұстаздар қауымы қатысты. 

Көпшілік алдында сөз бастаған облыс бас имамы жиналғандарға жылдық есепті таныстырып, дін мамандарына алғыс айтты.

Арнайы Бас мүфтиден алып келген алғыс хаттарды имамдарға, мешіт қызметкерлеріне, Әжелер алқасына, дін жанашырларына, Дін істері басқармасының қызметкерлеріне табыстады. 

Шараға арнайы келген Жангелді Омаров Дін істері басқармасы атынан облыстағы барлық имамдарға алғыс білдіріп, Бейбіт Әліпбекұлына алғыс хат табыстады. 

Жылды қорытындылаған көпшілік келер жылдың берекесі артсын деп тілек айтып, имамдардың үлкені бата берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: