#Қордай: Мұқтаждарға 4 тонна көмір түсірілді

#Қордай: Мұқтаждарға 4 тонна көмір түсірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет. Сөзіңнен емес ісіңнен, жүрегіңді жарып шығатын қайырлы іс жайында басқа қандай қанатты сөздерді білеміз. 

Әлжан ана ауылдық "Құдайберген" мешітінің ұйымдастыруымен "Қайырымдыға Алла да қайырымды" атты қайырымдылық науқаны өтті. 

Шара аясында 8 отбасыға 4 тонна көмір түсіріліп берілді. Қанжарын сурете келген қыста мұндай көмек алған әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар имамдарға алғыстарын жаудырды.

Игі науқанға жалпы 104 000 теңге қаражат жұмсалды. Алла тағала қасиетті Құранда: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» дейді .

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: