Жыл басынан бері ҚМДБ бекіткен жеті бағыт бойынша өңірде тыңғылықы жұмыс, тынымсыз еңбек жасалып келеді.
Атап айтсақ, Ақпарат және қоғаммен байланыс, Уағыз-насихат, Қайырымдылық, Оқу-ағарту және кадрлық әлеует, Рухани білім - Ихсан ілімі, Дін мен дәстүр, Жат ағымдармен жұмыс.
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында өткен Төралқа мәжілісінде облыс имамдары жылдың қорытынды есебін берді. Нәтижесіне сай 7 бағыт бойынша үздік имамдар марапатталды. Соның ішінде Жамбыл облысының "Уағыз-насихат" бағытымен атқарған жұмыстарының салмағы басым түсіп, аталған бағыттың үздігі атанды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевты марапаттап, ұжымына жемісті қызмет тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі