#ТАРАЗ: Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың әпкесіне сый-құрмет көрсетілді

#ТАРАЗ: Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың әпкесіне сый-құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әл-Әділ» мешіті жамағаты желтоқсан құрбандарына Құран Хатым бағыштады. Хатым дұғасына ызғарлы желтоқсан желінде құрбан болған батыр Қайрат Рысқұлбековтың туған әпкесі Гулнара Рысқұлбекова қатысты.

Құптан намазына келген жамағатқа аталмыш мешіт имамы Сыбанбай Расылхан «Отанның қадірі» тақырыбында уағыз жүргізді. Насихат соңы сөз кезегін алған Гүлнара ханым жиналған көпшілікке інісі Қайраттың қарапайым отбасынан шығып, білім алуға және өмірге деген құштарлығы мол жас болып өткендігін жеткізді.

Жиын соңы орамал тон болмайды, жол болады», деп Гүлнара Рысқұлбековаға камзол кигізіліп құрмет көрсетілді.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: