#Шу: Кезекті уағыз айтылды

#Шу: Кезекті уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім - құдіретті күш. Ақ пен қараны айырып, даналыққа жетелейтін жол. Қасиетті Құранда білім туралы көп айтылып,  Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбәрак хадистерінде баян етілген.

  Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітінде бекітілген кестеге сәйкес уағыз-насихат айтылды. Оны өз өңіріміздің діни білім қайнары Һибатулла Тарази медресе-колледжінің шәкірті, Қонаев ауылдық мешіттің имамы Ердәулет Құлыбек жүргізіп, шам намазынан кейін «Адамзатқа жақсылық жасау» тақырыбында жамағатпен тілдесті. Жиырма минутқа жуық айтылған уағыз аудандық мешіттің әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде де жүргізілді.

Айытлған уағызда қажетті ақпарат алып, жақсылық жасап жарысудың маңызын түсінген жиылған қауым, имамға алғыс білдірді. Расында, ең жақсы мұсылман айналасына пайдасы тиген мұсылман делінген бір хадисте. Айналамызға жақсылығымыз тие беруіне Жаратқан әмәндә күш берсін.

 Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: