#Меркі ауданы: Жақсы істің сауабын марқұмға жолдау

#Меркі ауданы: Жақсы істің сауабын марқұмға жолдау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілседе ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет.

Ал енді, садақаны марқұм болған ата-анамыздың, туған-туыс бауырларымыздың атынан берсек бола ма?

Сахабалар да өз кезегінде марқұмдарға сауабы тиетін қажылық, ораза, нәзір ғибадат, дұға, истиғфар және садақа сияқты амалдар хақында пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұраған.

Сағд ибн Ғубадат (р.а.) жеткізген хадисте: «Мен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, анам ақыреттік болды. Анам ешбір өсиет айтпады. Садақа да бермеді. Мен анамның атынан садақа берсем, қабыл бола ма?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә», – деп жауап қатты. Мен: «Анама бұл пайда бере ме?» – деп сұрадым. Нәби (с.ғ.с.): «Иә, тіпті (ол садақа) қойдың үйітілген бір сирағы болса-дағы», – деп жауап берді» - деген.

Бұл хадис садақаның марқұмға сауап болып тиетіндігі жайлы. Хадисте пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) марқұмның бала-шағасы, перзенттері келіп сұрап тұр. Демек, перзент өзінің бақилық болған ата-анасына сауабын бағыштап садақа беру шариғат бойынша дұрыс әрі сауапты іс.

Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бес уақыт намазынан қалмай, осы дүниесі мен ақыретін бірге алып жүрген азаматы, мешіт дәретханасының есігінің ескіргенін көріп, демеушілік жасап, жаңа есікке ауыстырып берді. Бұл игі де сауапты амалды істеудегі мақсаты, әкесінің атынан жақсылық жасау, әрі Алладан әкесі үшін жарылқау тілеу болды.

Әбу Сағид (р.а.): «Адам қиямет күні таудай сауапты көріп: «Бұл сауаптар қайдан келді?, - деп таңырқайды. Сонда: Сенің балаңның саған кешірім тілеуінен», - деп айтылады», деген риуаят жеткізсе, Әбу Һурайрадан (р.а.): «Алла Тағала (қияметте) пенденің дәрежесін көтереді. Мұны көрген адам: «Уа, Раббым! Маған бұл дәреже қалайша берілді?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Перзентіңнің саған жасаған дұғасынан», – деп жауап береді» - деген.

Алла ниетін қабыл етсін, бастарына амандық, дендеріне саулық, кәсіптеріне береке берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: