Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінен (ﷺ) естігенін былай келтірген: «Алламен ант етейін, асылында, күніне мен жетпіс реттен артық Алладан кешірім сұрап, тәубеме келемін» (әл-Бұхари).
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «...Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар!» (24:31). «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер...» (11:3). «Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар» (66:8).
asyldin.kz