Бірде Әбу Зарр (р.а.) адамдармен сөйлесіп отырса қасына әйелі келіп: «Сенің отырысың мынау, Алламен ант етейін, үйде не ішерге, не жерге ас жоқ», - деген екен.
Сонда Әбу Зарр (р.а.): «Әй, әйел! Біздің алдымызда қауіпті биік асулар бар, сол асулардан тек жеңіл жүгі бар жандар ғана өте алады», - деп жауап берген екен. Саналы сөзге қанағаттанған әйел тіл қатпастан қайтып кетіпті.
asyldin.kz