Бір толғағын да өтей алмапсың

Бір толғағын да өтей алмапсың

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде бір кісі келіп, қартайған шешесінің мінезінен мезі болғанын айтып шағымданды. Пайғамбарымыз (ﷺ) оған:

– Сені тоғыз ай көтергенде мінезі жаман болмаған шығар? – деді. Әлгі кісі:

– Рас, айтам, мінезі шатақ, – деп сөзінен қайтар болмады. Пайғамбарымыз (ﷺ) оған:

– Сені бауырына салып екі жыл емізгенде мінезі шатақ болмаған шығар? – деді.

Шағымданушы тағы да анасын жамандауды жалғастыра берді. Пайғамбарымыз (ﷺ):

– Сен үшін қанша түнді ұйқысыз өткізгенде мінезі жаман болмаған шығар? – деді. Әлгі кісі оның сауалынан кейін:

– Мен оның борышын әлдеқашан өтегем, – деп қабағын кіржитті. Таңырқаған Пайғамбарымыз (ﷺ): «Анаңның ақысын қалай өтедің?» – деп сұрағанда, әлгі бейбақ: «Арқама салып қажылығын жасаттым», – деді. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Сен оның бір толғағын да өтей алмапсың», – деген екен. Жұмақ – ананың аяғының астында.

Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да оның борышынан арыла алмайсың. Әттең, осыны біле тұрса да қауқары кетіп қартайған аналарын қарттар үйіне өткізіп жатқан жандардың саны азаяр емес қой...

Asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: