Кедейлердің дәрежесі жайында айтылған хадистер

Кедейлердің дәрежесі жайында айтылған хадистер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Жұмаққа есепіз кіретін үш адам бар. Олар: біріншісі - киімін жуып кигісі келген, алайда ауыстырып киетін киім таппағаны; екіншісі – ошағына екі қазан іліп көрмегені; үшіншісі – ас-су ішуге біреуді шақырып, бірақ «Сусынның қай түрін ішкің келеді?» - деп сұрай алмағаны».

Әбу әд-Дард (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келірген: «Екі дирхемі бар адамның жағдайы бір дирхемі бар адамның жағдайына қарағанда ауыр болады». Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Үмбетімнің ең жақсысы - кедейлер, ал олардың әлсіздері Жұмаққа бәрінен бұрын кіреді». Сондай-ақ, ол (ﷺ) былай да айтқан: «Менің екі жақсы көретін нәрсем бар: кедейлік пен жиһад. Мұны жақсы көргендер мені де жақсы көреді, оларды жек көргендер, мені де жек көреді».

Са'ид ибн Амир (р.а.): «Мен Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Менің үмбетімнің кедейлері Жұмаққа байлардан бес жүз жыл бұрын кіреді», - деп айтқанын естідім деген.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кедейлік - бұл дүниеде мүмін жанға берілетін сыйлық», - деп айтқан болатын. Сондай-ақ, Алла Елшісі (ﷺ) былай да айтқан: «Жұмаққа жоғары мәртебесінің арқасында Сүлеймен ибн Дәуд (ғ.с.) пайғамбарлардың соңғысы болып кірсе, ал өзінің байлығы үшін Жұмаққа менің сахабаларымның соңғысы болып Абдрахман ибн Ауф кіреді». Келесі бір хадисте: «Мен оның Жұмаққа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім», - делінген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: