#Қордай: Мектеп оқушылары дін мамандарымен жүздесті

#Қордай: Мектеп оқушылары дін мамандарымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Бетқайнар ауылының имамының қатысуымен мектеп оқушыларымен жүздесу жасалды. 

"Баланы бастан" демекші, кейінгі уақытта діни сауаттылықтың болмауынан жастар теріс ағымға бет бұрып кетпей, ата дініміз бен ағымды ажырата алуы үшін оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ауыл имамы балдырғандарға дін дегеніміз не, ағым қайдан пайда болады, ағымдардың қателескен тұстары, одан неге қорғанып, дәстүрлі дінмен жүрген дұрыс, теріс бағыттағы адамдардың сипаты қандай, тура жолда олудың маңызы не деген түрлі сауалдарға жауап болған көркем насихат айтты. 

Балалардың көкейкесті сұрақтарына жауап берілді. Айта кетейік, шараға шәкірттердің ұстаздары да қатысып, мардымды мағұлматтарға қанықты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: