#Шу: Желтоқсан құрбандарына хатым оқылды

#Шу: Желтоқсан құрбандарына хатым оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызға еркіндік оңай тиген жоқ. Ол кешегі аналардың зары, бабалардың қаны мен 1986 жылғы желтоқсанда құрбан  болған боздақтардың дұғасы. 

Аллаға шүкір, сабырын сарқымаған халқымызға Тәуелсіз ел болу бақыты  бұйырып, асыл дініміз қайта оралып, рухымыз серпілді. Мешіттер мен  медреселер салынып, жамағаттың саны көбейді. Осындай нығмет үшін әуелі Аллаға, сосын себеп болған желтоқсандағы аға-әпкелерімізге қарыздармыз. Олардың қадір тұтып, дұғамызға қосу азаматтық парызымыз.

Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешіті әйел-қыздар секторы кешегі Желтоқсан оқиғасында қаза болған құрбандарға қасиетті Құран оқылып, хатым түсірілді. Достан дұға деген. Бүгінгі бейбіт өмір үшін оларға әрбіріміз шамамыз жеткенше сауап баратындай амал жасауымыз керек.

Нәзік жанды жамағаттың бұл ісіне тәнті болып, таңдай қақтық. Әрі Құран хатымдары қабыл болып, сауабы желтоқсандық құрбандарға жете берсін.

         Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: