Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж отбасына баспана салынып, пайдалануға берілді.
Бұл қайырымды іске ауданның бетке ұстар азаматтары мен қоса кәсіпкерлер және жүрегі елім, жерім деп соққан әрбір азаматы көмек қолын созды. Осындай ауызбіршіліктің арқасында ауылда бірнеше мұқтаж отбасылар баспаналы болды.
Аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншарип үйді табыстау рәсіміне қатысып, жылы лебізін білдіріп дұға қылды. Және мешіт атынан жаңа үйге екі кілем сыйға тартты.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі