Халқымыз ежелден өзгеге көмек қолын созуды, қолда барымен бөлісуді өзіне парыз санаған. Қазіргі кезде өңірде бұл «Асарлатып үй салу» жобасына ұласып, өз жемісін беруде.
Міне, бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Сарымолдаев ауылдық округінде “Асарлатып уй салу” жобасы аясында көмекке мұқтаж отбасына асарлатып салынған жаңа үй, пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Батырбек Қасымалиев Жақсымбетұлы арнайы қатысып, ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Әрмен қарай салтанатты шарада жаңа үйдің лентасы қиылып, ауыл тұрғындары үй иесіне ықылас ниеттерімен бөлісті. Еліміз үшін, жеріміз үшін дұға жасалып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі