Меркі ауданы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшесі Дулат Талғатұлы Тұрлыбай батыр ауылы №33 ЖББМ-нің оқушыларына "Дін, қоғам және жастар" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дулат Талғатұлы: "Жат ағымның жетегінен дұрыс Ислами білім, дұрыс тәрбие, салт-дәстүрімізді терең білу арқылы аман қала аламыз, сол үшін қайдан білім алып жүрміз, кімдермен дос болып жүрміз, отбасында қандай тәрбие көріп жүрміз соған баса маңыз беруіміз керек" - деді.
Жиын соңында оқушылардан келген сұрақтарға жауап беріп тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі