#Меркі ауданы: Қайырымдылық жасалды

#Меркі ауданы: Қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тәуелсіздік таңы атып, еліміз тату-тәтті, берекелі өмір сүруде. Егемендікті ту еткен халқымыз бүгінгі мерекені тойлап та кеткен. «Тәуелсіздік күніне» орай Меркі ауданы мешіттері де игілікті іспен айналысуда. Шынайы мұсылман адам өзінің әрбір іс-амалдарын тек қана Алланың ризашылығы үшін жасайтыны, ал Алла Тағала жасаған әр қайырлы ісімізге мыңдаған сауаптар еселеп беретіні бәрімізге де аян. 

Осы мақсатта Меркі ауданы, Тәтті ауылы имамы Асхат  Көпбосыновтың ұйымдастыруымен жағдайы төмен отбасыларға күнделікті тұрмысқа керек азық-түлік таратылды.

Меркі ауданы мешіт қызметкерлері аудандағы қамқорлыққа мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап келеді.

Көмек алған отбасы мүшелері осы шараны ұйымдастырған «Тәтті» ауылдық мешітінің қызметкерлері мен демеуші азаматтарға шексіз алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: