Бүгінде әлемді алаңдатқан экстремизм мен терроризм мәселесі біздің еліміз үшін де шетін тақырып еместігі белгілі. Тәуелсіз еліміздің татулығын теріс мақсатта пайдаланғысы келетін топтардың төбе көтермей қалмасы да айқын.
Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Талғатұлы Қазақдихан ауылы №34 ЖББМ-нің оқушыларына «Дін, қоғам және жастар» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиында өскелең ұрпақты жат ағымның жетегінен қалай аман алып қаламыз деген мәселе қарастырылды.
Жиын соңында, жиылған оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қазметі