Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Ғани Жанұзақұлы құптан намазына мешітке келген жамағатқа «ихсан ілімі» жайында насихат жұмыстарын жүргізді.
Жастардың сұрақтарына жауап берген ауыл имамы, «ихсан ілімінің» маңыздылығын еске салды. Баршамыз білетіндей, Ихсан ілімі – тақуалыққа тәрбиелейді. Тақуалық деңгейге жетелейтін жолдың бірі – Алладан қорқу. Алладан қорыққан адамның ізгі амалы нәтиже беріп, жамандық атаулыдан аман болады.
Құранда: «Алладан қорыққан адамға Алла қиындықтан шығар жол көрсетеді» делінген («Талақ» сүресі, 2-аят). Біз неғұрлым Аллаға жақындаған сайын соғұрлым жамандықтан, күнәлі істерден, шариғатқа қайшы әрекеттерден алыстай береміз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі