Тараз қаласының бас имамы Орынбасар Дәуренбеков «Миразиз ата» мешітінің азаншысы Еркін Рузметовке алғыс хат табыстады.
Еркін Рузметов 2021 жылы руханият тақырыбында қалам тербеп, ҚМДБ-ға қарасты діни-танымдық Asyldin.kz сайтында халықтың жүрегіне жол тартқан әсерлі мақалаларын жариялап, дін Исламның өңірде қанат жаюына үлес қосқаны үшін Жамбыл облысы бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы тарапынан марапатталған болатын.
Қаланың бас имамы руханият тақырыбында қалам тербеп сия төккен жазушыға алдағы ісіне табыс тілеп, алғысын білдірді.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата»
мешітінің баспасөз қызметі