Тараз қаласының бас имамы Дәуренбеков Орынбасар қалалық «Әзірет Әли» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Өз кездесуінде бас имам мешіт жамағатымен танысып, «Құран оқудың артықшылықтары» тақырыбын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадисінде: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады»,- деп бұйырады.
Алла тағала жұма күнімізді берекелі етсін!
Тараз қалалық орталық «Әулие ата»
мешітінің баспасөз қызметі