Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде теолог, ұстаз Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен шәкірттерге арнап арнайы кең дастархан жайылды.
Шәкірттерге мешіт ұстазы керемет уағыздар мен Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірінен бірер оқиғаларды айтты. Сыйлық ол - ілтипат. Бір адамның екінші адамға деген шынайы ықылас көпірі. Сыйлықтың қатқан жүректі жібітіп, оны жұмсартатын ерекше қасиеті бар. Қайнаған ашу-ызаны сейілтіп оның орнына сүйіспеншілік сезімін оятатын ерекше күшке ие екені баршамызға мәлім.
Мешіт ұстазының бастамасымен жасалған шараның соңында діни біліммен сусындап жүрген шәкірттер бір-бірлеріне хадия берді. Асыл дініміз ислам бейбітшілік, махаббат пен мейірім діні. Адамзатқа сүйіспеншілік тарату оның ажырамас бөлігі, ал сыйлық соның құралы.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі