#Қордай: Жақсылық еккен алғыс орады

#Қордай: Жақсылық еккен алғыс орады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық - адам жүрегін жібітуші, мейірімді арттырушы, ел арасына татулық сыйлаушы игі амал. Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Хақ Тағала Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген. 

Осы амалды өзіне мақсат, бағыт етіп алған ел мешіттері қайырымдылық науқанын жиі өткізіп келеді. Осындай тағы бір шара Қордай ауданы Кенен ауылдық мешітінің имамы Саят Рахимовтың ұйымдастыруымен орын алды. 

Имам мешіт атынан көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен 8 отбасының балаларына қыстық киім, аяқ киімдер алып, балаларға тарту етті. 

Жаңа киім киіп, қуанған балдырғандар мен мектеп ұстаздары мешіт имамдарына алғысын білдірді. Айта кетейік, қайырымдылық шарасына 80 000 теңге қаражат жұмсалды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: