Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық "Бетқайнар" мешітінде көшпелі уағыз дастарханы жайылды.
Дәстүрлі жиынға Сарыбұлақ, Қақпатас, Жамбыл, Әлжан ана, Степной ауылының жамағаттары келіп, жиналып көрші ауылдас бауырлармен танысып, көркем уағыз тыңдады.
Ауыл арасындағы жамағаттын ауызбірлігін арттыру мақсатын ұйымдастырылған шарада ақ дастархан жайылып, көпшілік Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының насихатына ұйды. Аудан бас имамы "Мүминун" сүресін оқып, оның мән, мағынасына кеңінен тоқталып өтті.
Имани нәр алып, білімге қаныққан жұртшылық құптан намазынан соң дастарханнан дәм татып, сұқбаттасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі