#Меркі ауданы: Дін - салт-дәстүр және қоғам

#Меркі ауданы: Дін - салт-дәстүр және қоғам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – ұлты, діні, Отаны. Міне, осы үштаған, сіздің үш тірегіңіз. Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде ұлтым – қазақ, дінім – ислам, Отаным – Қазақстан дейсіз. Және оны мақтанышпен, нық айтасыз. Өйткені, сіздің көңіліңізде мен адамзат құндылықтарының негізі қалыптасқан, іздеуші, сұраушысы бар, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының өкілімін деген сенім тұрады.

Меркі ауданы ААТ мүшелері Меркі ауданы бойынша шекара басқармасы (№2093 әскери бөлімі) қызметкерлеріне "Дін, салт-дәстүр және қоғам" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақтөре Сағыналыұлы:

«Ұлттық және діни дәстүрлердің саналы, тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі ұшан-теңіз.

Қоғамда адамгершілік ұғымды сақтау, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбие­леу, мә­дени және тарихи дәстүрлерді ба­ға­лау әсіресе дінді жеткізу бірінші кезектегі мәселелер болып табылады. Ал, қоғамның негізін қалайтын отбасы болған­дықтан, жастар мен балалар тәрбиесіне әке­нің үлесін күшейтуді уақыт талап етіп отыр.

Қорыта айтқанда, біздің ел ұлт тарихы те­рең, ғасырлар қойнауынан сүзіліп, ек­ше­­ліп жеткен берік діні мен салт-дәстүрі бар қай­сар ел.  Осыны келешек ұрпақ ұғымы, мақ­тан етердей жүректеріне орнықтыру, біздің бүгінгі ат үстінде жүрген бар­ша­мыздың ең басты міндетіміз болуы шарт» - деп, сөзін аяқтады.

Меркі ауданыдық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: