#Меркі ауданы: Дін, қоғам және жастар

#Меркі ауданы: Дін, қоғам және жастар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық АТТ мүшелері №44 ЖББМ-нің оқушыларына "Дін, қоғам және жастар" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы сөз сөйлеп:

«Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі, бұл – дәстүрлі емес діни қозғалыстардың алдын алу. Себебі, олардың әрекеттері қоғамда кереғар көзқарастар туғызып келеді. Қоғам мүшелерінің біршамасы өзінің тарихи, дәстүрлі діндерінен шығып, секталардың шылауында адасып жүр. Осының негізінде дәстүрлі отбасылық және қоғамдық қарым-қатынастарда діни көзқарастарға байланысты түсініспеушіліктер орын алуда.  Қоғамдағы дін тұрғысынан болып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу, жақын жандарымызға көмек қолын созу біздің міндетіміз»-, деп сөзін аяқтады.

Жиын соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттандырарлық жауаптарын алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: