Неліктен Алла пенделерін бірден Жұмақтық немесе Тозақтық етіп жаратпаған?

Неліктен Алла пенделерін бірден Жұмақтық немесе Тозақтық етіп жаратпаған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Егер бізді жаратқан Алла Тағала біздің қандай екенімізді алдын-ала білсе, онда ыждаһаттыларды жалқаулардан, ақылдыларды ақымақтардан, гауһарға ұқсас таза жандарды, көмірдей қара жандардан айыру мақсатында сынақ жасауы не үшін қажет?

Асылында, Алла Тағала кімнің не істеп жүргенін, өз қалауын қайда жұмсап жүргенін және ақыр аяғында кімнің Жұмаққа, ал кімнің Тозаққа баратынын біледі. Алайда біз – Алланың жаратқан пенделері бұл туралы білмейміз. Біздің не жасап, не бітіріп жүргенімізді Алла Тағала көруі үшін өмір сүреміз деп ойлау — біздің қателігіміз болып табылады.

Жоқ, біз бұл үшін өмір сүрмейміз. Алла Тағала онсыз да бәрін анық біледі. Біз Алла Тағаланы танып-білуге әрі Оның құлдары болу мүмкіндігін пайдалану үшін өмір сүреміз. Ендеше біздің өміріміз өзіміз үшін қажет!

Біздің бұл жарық дүниеге келуіміз — Алла Тағаланың қалауы. Ол біздің өмір сүруімізді, осы дүние дәмін татуымызды, Оған жақындауымызды, тыныштық әрі жай табуымызды қалады.

Екінші жағынан алып қарасақ, егер Алла Тағала жаратқан әрбір пендесінің соңы қалай аяқталарын білетін болса, онда біз: «Неге Ол пенделерін бірден Жұмақтық немесе Тозақтық етіп жаратпады?», - деп сұрар едік.

Егер Алла Тағала адамдардың жартысын бірден Тозақтық етіп жаратар болса, олар міндетті түрде былай айтар еді: «Неліктен біз Тозақтамыз? Егер біздің мүмкіндігіміз болса, мен, сөзсіз, жақсы амалдар жасар едім ғой». Міне, сондықтан да Алла Тағала біз өз қалауымыз бойынша жасайтынымызды білсін деп, бізге өмір сыйлаған әрі оны біздің куәгеріміз еткен.

Бұл жөнінде Қасиетті Құранның көптеген аяттарында айтылған, дәлірегінде, кейбір аяттарда бізге қарсы өзіміздің дене мүшелеріміз куәлік беретіндігі келтірілген. Мысал ретінде екі аятты келтіре кетейік:

«Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғақ болады» (36:65).

«Ақыр олар оған барған кезде; оларға құлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады» (41:20).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: