Жұмақтың барлық сегіз қақпасын ашуға мүмкіндігі бар дұға

Жұмақтың барлық сегіз қақпасын ашуға мүмкіндігі бар дұға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бізге сүйікті Пағамбарымыздың (ﷺ) дәретпен жүрудің пайдасы мен оның қасиеттері туралы айтылған көптеген хадистері жеткен. Адамзаттың асылы Мұхаммедтің (ﷺ) бірқатар риуаяттарын келтірейік. Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) сахабаларына былай айтқанын келтірген:

— Алла сендердің күнәларыңды кешіріп, дәрежелеріңді көтеретін амалдарды білгілерің келе ме?

— Білгіміз келеді, уа, Алла Елшісі, - дейді бірауыздан сахабалар.

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ):

— Ешбір қиындыққа қарамастан толық дәрет алу, мешітке жиі бару, бір намаздан соң келесі намазды күту», - деп жауап береді.

«Иман келтірген еркек немесе әйел болсын, дәрет алып бетін жуғанда сол сумен не болмаса тамшылармен оның көзімен жасалған күнәлары жуылады; қолын жуғанда – қолымен жасалған күнәлар жуылады; көздерін жуғанда — көздерімен жасалған күнәлардан арылады. Дәрет алу толықтай біткенде адам өз күнәларынан тазарады».

«Егер адам дәреті бола тұра, келесі намаз үшін тағы да дәрет алса, Алла оған 10 сауап жазады».

«Дәрет — мүміннің қаруы. Ол адамды қуылған шайтаннан алыстатады, адамдарды иман жүзді етеді, жан бүлігінен арылтады». «Алдыңғы дәреті бұзылмай тұрып, тағы да дәрет алу – Алла құлының ең жақсы құлшылығы».

«Дәрет алғанда денеңнің барлық мүшелерін дұрыстап жуыңыз, өйткені дәрет алу – иман атрибуттарының бірі».

«Тазалық — иманның жартысы».

«Егер кімде-кім ұйықтар алдында дәрет алып жатса, онда оның төсегін таң атқанша періште күзететін болады. Ол түннің қай уағында оянса да, біздің Жаратушымызға періште былай деп дұға жасайтын болады: «Уа, Жаратушым, Өз құлыңның күнәларын кеш, асылында, ол тазарып жатты!»

«Әшһаду ән лә иләһа иллал-Ләһу Уахдаху. лә Шарика Ләһу Уа-аш-һаду әнна. Мұхаммадан 'Әбдуһу уа Расулуху».

Осы дұға жөнінде Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім дәрет алған соң, осы дұғаны оқыса, Алланың қалауымен, оған Жұмақтың барлық сегіз қақпасы ашылады әрі ол Жұмаққа қалаған бір қақпасынан кіре алады» (Мүслим, 'Әбу Дәуд, Тирмизи).

Осман (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқан бір хадисін келтірген: "Толық алынған дәрет - саусақтардың ұшынан тамған судай болып ағып кеткен күнәлар».

Ибн Мас'уд мынадай риуаятты келтірген:

«Бірде Пайғамбарымыздан (ﷺ) былай сұраған екен:

- Уа, Алла Елшісі, бұл дүниеде көрмеген мүміндерді о дүниеде сен қалай білетін боласың?

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ):

— Барынша ынталанып дәрет алған мүміндердің беттері, қолдары мен аяқтары нұрланып тұратын болады. Мен оларды сол нұрдан білетін боламын», - деп жауап беріпті.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: